Қостанай қаласындағы қазақ балаларына арналған алғашқы білім ордасы

№24 қазақ бастауыш мектебі – Қостанай қаласындағы қазақ тілінде білім беретін бастауыш сынып оқушыларына арналған ең алғаш ашылған мектептердің бірі. Ол Қостанай қаласында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындындағы мектеп-интернатының бірінші қабатында ашылды.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасы бар қасиетті орын 1990 жылдың қыркүйек айында  өз бастауын алды.

 

№24 қазақ бастауыш мектебі – Қостанай қаласындағы қазақ тілінде білім беретін бастауыш сынып оқушыларына арналған ең алғаш ашылған мектептердің бірі. Мектеп директоры болып Дунасарова Нагима Насимовна тағайындалды.

Алғашқы мұғалімдері Ертышпаева (Умарова) Жанар Жиентаевна, Қайыржанова Раушан Файзуллиновна, Кадырбаева Сауле Толеубаевна,  болды.

Алғашқы шәкірттерінің ішінде Сибанбаев Манас, Нысанбаев Марат деген азаматтар болатын.

1992 жылы мектеп қазіргі М.Горький атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратына көшірілді.

1994 жылы қазіргі С.Мәуленов атындағы гимназия ғимаратына көшірілді.

1998 жылы №24 мектептен (қазіргі С.Мәуленов гимназиясы) бастауыш сыныптар бөлініп шығып, Павлов көшесі 107 мекен-жайында орналасқан ғимаратқа көшірілді. №24А қазақ бастауыш мектебі деген атқа иеленді. 1998 жылы мектеп директоры – Ибраева  Ләззат Гажденбекқызы болды.

2002 жылы мектеп директоры болып   бастауыш қазақ мектебінің дамуына зор үлес қосқан  білікті де білімді, ұлағатты ұстаз – Кәрімова   Сәуле Елеусізқызы тағайындалды.

2013 жылы мектеп-гимназия атуын иеленді.

Қазіргі уақытта мектепті 2019-2020 оқу жылы осы лауазымға кіріскен Сюндикова Данагүл Жаппасбаевна басқарады.

Біздің мұғалімдер – сарқылмас шығармашылықтың, шынайы қамқорлықтың, адалдықтың үлгісі. Олар мектебіміздің қаншама түлектеріне болашаққа жол салды. Ұстаздарымыз – білім алып жатқан мектебіміздің тарихының ерекше беті.

Ертышпаева Жанар Жиентаевна, Дуненбаева Ботагөз Каратаевна, Каримова Ляззат Аубакировна, Антаева Меруерт Темировна, Рабаева Балдырған Хамзовна, Касенова Норгуль Шакировна, Умбетов Даулет Мукатаевич, Бикеева Балапан Мынжасаровна, Серикбаева Роза Назымовна, Султанова Кымбат Сапабековна, Калдаманова Закира Асылбековна сынды ұстаздар қауымы қала жұртшылығының алғысына бөленген жандар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған