Балалардың қуанышы

Оқу жылы басталғаннан бері біздің сынып мәдени орындарға саяхат жасауды жалғастырып келеді. Сынып жетекшіміз Меруерт апай бұл жолы бізді Рудныйдағы тарихи-өлкетану музейіне апарды. Экскурсияның мақсаты – тек мектепке барып келумен ғана шектелмей, өлкеміздің керемет жерлері бар екенін көрсету. Оқушылардың таным-түсініктерін кеңейту.

DSCN5163   DSCN5244

Саяхат барысында бізді мұражай қызметкерлері жылы қарсы алып, құнды деректер жиналған залға кіргізді. Мұнда жиырма жеті мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталған екен.

    DSCN5267

Біз бұл жерде мәдени ошақтың құрылу тарихы соғыс ардагері, жерлесіміз Иван Дьячковтың есімімен байланысты екенін естіп білдік. Біз Рудный қаласы және Қостанай өңірінің табиғи байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп қызықты мәліметтерді көрдік. Ең қызықтысы, кеншілер қаласының тарихы туралы болды. Бізге экскурсавод ұшқыш М.Сургутановтың компасы Сарбай шатқалынан ұшқан кезде жұмыс істеуден бас тартқаны туралы және бұдан кейін тыңғылықты зертеуден кейін Рудный қаласының пайда болғаны жайлы  қызықты деректерді айтып берді.
DSCN5214   DSCN5204

Музейге саяхат өте ұнады. Біз әр затты өз көздерімізбен көріп, қолдарымызбен ұстап, түсінбегендерімізді сұрап алдық.
DSCN5275


Мұнан кейінгі сапарымыз кеншілер қаласындағы «Село Лесное» сүт фирмасы болды. Біз мұнда сүт өнімдерінің жасалау әдісіне қанықтық. Зауыт менеджері жеткіншектерге аппараттар мен жаңа технологиялардың жұмысымен таныстырды. Сиыр сауатын фирма Федоров ауданының Қоржынкөл ауылында орналасқан. Аз ғана уақыт ішінде елімізге және көрші мемлекеттерге тарайтын сүт фирмасының өнімінен дәм таттық. Бұл кездесуден бәріміз сондай ерекше әсер алып, тамаша көңі-күймен оралдық.
DSCN5353    DSCN5317

DSCN5285    DSCN5311

DSCN5388

Айзия ҚЫДЫРБЕК,

Болат ҚҰСАЙЫНОВ,

№24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылар


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған