Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат – шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады. 🔹🔹🔹 Мерекеге орай бүгін біздің мектебімізде 3 Б сыныбы осы күнді мейірімді мұғалімдерінің және сыныптастарының құшағымен бастады. #біртұтастәрбие 3 дн. 18.03.2025Мектепте өткен іс-шара
1-4 сыныптар аралығында “Бойшаң” қуыршақтар театры жол жүру ережесіне байланысты қойылым көрсетті. Оқушылар белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, бірге би биледі. 🔹🔹🔹 #біртұтастәрбие 18.03.2025Мектепте өткен іс-шара
Біздің мектебіміздің ертеңгілік кештері әлі де жалғасын табуда. 4 Б сыныбының аналарға арналған ертеңгілігін тамашалап отырыңыздар. 12.03.2025Мектепте өткен іс-шара
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 2 Г сыныбының ертеңгілігін тамашалаңыздар 12.03.202512.03.2025Мектепте өткен іс-шара
1”Г” сыныбы оқушыларының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы. Сынып жетекшісі: Антаева М.Т. 12.03.2025Мектепте өткен іс-шара