1 «А» сыныбы Отан қорғаушылар күніне арнап «Ел қорғауға әзірміз» мерекесі өтті. Әр оқушы өз еліне деген сүйіспеншілігін сезіне білді. 06.05.2025Мектепте өткен іс-шара
Бүгін 2 “А” сыныбында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған тағылымды іс-шара өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Ерлік пен батырлықты ұлықтаған бұл күнде балғын жүректерде патриоттық сезім ұялады. Барша ер-азаматтарды мерекемен құттықтаймыз! 06.05.2025Мектепте өткен іс-шара
Ұрпаққа аманат болған ерлік | «Мәңгілік рух» «Мәңгілік рух» айдарының бүгінгі кейіпкері – №24 мектеп-гимназиясының 3 «Ә» сынып оқушысы Мәриям Атымтай. Ол өз атасының майдандағы ерлігі туралы тебірене әңгімелейді. 06.05.2025Мектепте өткен іс-шара
Осы күнде біз соғысты көрмесек те, *сол тыныштық үшін күрескендердің аманатына* адал болуымыз керек. Бүгінгі бірлік – сол ерлік пен бейбіт арманның жалғасы! Баршаңызды *1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен* құттықтаймыз! *Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!* 06.05.2025Мектепте өткен іс-шара
Тіліміз бөлек болса да – тілегіміз бір, 🌺 Дініміз әртүрлі болса да – жүрегіміз бір. 🇰🇿 Бізді ортақ Отан – Тәуелсіз Қазақстан біріктіреді! 06.05.2025Мектепте өткен іс-шара
Мектебімізде 7 – 18 сәуір аралығында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында «Армысың, дарындылық!» онкүндігі өткізілді. Бүгін біз сол апталықта белсенді қатысқан оқушыларды марапаттауға жиналып, барша мектеп оқушылары бірін-бірі құттықтап, мадақтамамен қатар марапат сыйлықтарын да алды. 24.04.2025Мектепте өткен іс-шара
Бүгін 1 “Б” сыныбындағы “Суды үнемде-болашақты сақта” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар пайдалы мағлұмат алып, өз білгендерінен тезисьер құрастырды 24.04.202524.04.2025Мектепте өткен іс-шара
16.04. күні №2 емханасының “Салаутты өмір сүру салтын ұстану” бойынша маман келіп 3-4 сынып оқушылары үшін танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында су пайдасы мен оны тұтыну жолдары, дұрыс тамақтану, жарақаттану, артық салмақ, тымау аурыларының алдын алу, иммунопрофилактика тақырыптары қозғалды. Оқушылар дәріс соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, дәрігер маманнан ақыл-кеңес алды. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара