Бүгін 1-сынып оқушылары арасында «Көңілді алаң» атты қызықты іс-шара өткізілді. 🏃‍♂️🤸‍♀️ Балдырғандар түрлі ойындарға қатысып, спорттық жаттығулар жасап, өз денсаулығының қадірін түсінуге мүмкіндік алды. Бірлік бар жерде – береке бар! Отбасы күні мен Денсаулық күні біріккен мерекеміз қуанышқа, спортқа, шаттыққа толы болды!

«Менің сыныбым буллингке қарсы» республикалық челленджі Челлендждің мақсаты – оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту. ⠀ Осы бағытта оқушылар достық, құрмет және қолдау тақырыптарында ватманға сурет салып, буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдірді.

Оқу күні барысында тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларын өткізу оқушылардың физикалық және эмоциялық жағдайын оңтайлы деңгейде ұстап тұруға ықпал етеді, қан айналымын жақсартады, шаршауды азайтады, зейінді арттырып, оқу мотивациясын күшейтеді. Сол себепті, 2025-2026 о,ж, басынан барлық мектеп оқушыларымен жұмыла таңғы жаттығуларға шығамыз.

02.09.2025 жыл мектебімізде 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып,мектептің білім мен тәрбие беретін асыл ұя екендігін сезіне түсті. Шара барысында ізгі тілектерін арнап, жылы әрі достық атмосфера қалыптасты. Сынып: 2 «Ә»

02.09.2025 жыл мектебімізде 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып,мектептің білім мен тәрбие беретін асыл ұя екендігін сезіне түсті. Шара барысында ізгі тілектерін арнап, жылы әрі достық атмосфера қалыптасты. Сынып: 1 «Ә» Сынып жетекшісі: Калдаманова З.А

02.09.2025жыл Мектеп ауласында 1-4 сынып оқушылары үшін салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Оқушылар сап түзеп, мектеп рухын көтерген әндер мен көтеріңкі көңіл-күйде шара өз мәресіне жетті.