Бүгін 09.01.2026ж. “Таза Қазақстан” жобасы аясында Әділет басқармасының волонтерлерінің көмегімен және 1-3 сыныптарының ата-аналарымен бірлесе еңбек еткен мектебіміздің кішкентай болса да, нағыз ер-азамат болып өсіп келе жатқан ұлдарымыздың қатысуымен мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғастырылды. Қардан тазарту – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыстардың бірі. Серіктестеріміз бен ата-аналар тарапынан мектептің танымдық сауықтыру шараларынарда ғана емес, ортақ еңбекте де белсенділік танытылады. Қарды тазалауға айтарлықтай көмек көрсетті — белсенді қатысқандарыңыз, түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз! 11.01.2026Мектеп кітапханасы
1-сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапханаға барып, түрлі қызықты кітаптармен танысты. Бүлдіршіндерге кітап әлемінің сырын ашып, оқуға деген қызығушылықтары артты✨ 03.11.2025Мектеп кітапханасы
Күзгі демалыс – ойды сергітіп, жанды байытатын уақыт. Осы демалыста “Демалыста кітап оқимыз” гайдбугын ұсынамыз! Кітап оқу – жай ғана қызық емес, ол жаңа дүниелерді тануға, қиялды кеңейтуге, білімді арттыруға тамаша мүмкіндік. Демалысыңызды мәнді өткізіп, сүйікті кітаппен тынығып, жаңа кейіпкерлермен танысыңыз. 03.11.2025Мектеп кітапханасы
3 «Ә» сыныбында «Балдырған» журналының 2025 жылғы 3 нөмірі бойынша «Үздік оқырман» сайысының 2 кезеңі өтті. Бұл сайысқа 15 оқушы қатысып, 3 кезеңге 6 оқушы өтті. Өткен оқушыларыма келесі кезеңде сәттілік тілеймін. 04.07.2025Мектеп кітапханасы
Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3 «Ә» сыныбында «Балдырған» журналының 2025 жылғы 3 нөмірі бойынша «Үздік оқырман» сайысының 1 кезеңі өтті. Бұл сайысқа 29 оқушы қатысып, 2 кезеңге 15 оқушы өтті. Өткен оқушыларыма келесі кезеңде сәттілік тілеймін. 15.05.2025Мектеп кітапханасы